Үйірме жетекшісі гуманитарлық пәндер оқытушысы Жармұхамбетова Винера Оралқызы.
Үйірме жұмысы студенттердің ағылшын тілінің базалық деңгейін меңгерудегі жеке қабілеттерін барынша ашуға бағытталған.
Үйірме мазмұнына тілдік материал кіреді (фонетика, лексика, грамматика): Қабылдау қарапайым сөздерді ,қысқа сөз оралымдарын пайдалану ,шағын диалогпен үнемі жұмыс жасау ,лирикалық және заманауи әндердегі жаңа сөздерді оқып-үйренудің көмегі арқылы дамытылады. Тілдік материалды өткізу принципі қарапайымнан күрделіге қарай келеді.
Студенттер белгілі бір білім қорын игеріп, ой-өрісін кеңейтеді, сонымен қатар есте сақтау, қиялдау, ерік-жігер қасиеттері, ұшқыр ойлары дамиды. Үйірме жұмысы диалогтық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар түрлі ағылшын тілінде өткізілетін сайыстар мен олимпиадаларға студенттердің қызығушылығын арттырып,белсенді қатысуларына ықпал етеді.